Қара зере майы және оның құрамы
Халықтық медицинада биологиялық та, тағамдық қатынасы жағынан да өте пайдалы қара зере майы кеңінен қолданылады. Құрамы жүздеген құраушы компоненттерге бай. Бұл элементтердің жартысынан көбі алмасу реакцияларының өтуіне мүмкіндік береді. Май зеренің дәндерін суық сығымдау технологиясы арқылы алынады. Бұл хош иісті дәмдеуіш шығыс елдерінде жасалады және көптеген ауруларды емдеу үшін кеңінен қолданылады.
Май аздап қоңыр-жасыл түсті реңкімен ерекшеленеді. Оның ерекше бір хош иісі бар, ал дәмі ауыз қуыратын және уылдыратын болып келеді. Өнім көптеген елдің, соның ішінде Халал шектеуі бар елдердің тамақтану рационына кіреді.
Қара зере майының құрамына не кіреді?
Майдың құрамында мөлшері 85%-дан жоғары әртүрлі майлы қышқылдар бар. Олардың ішінде линол қышқылы басым болып, яғни полиқанықпаған Омега-6-ға 58%-дан келеді. Моноқанықпаған Омега-9 үлесі жоғары – 24%-ға дейін. Өзге де қышқылдардың ішінен пальмитин, арахин, стеарин, миристин, пальмитолеин сияқты қышқылдардың мөлшері ерекшеленеді. Қанықпаған топтардағы майлы қышқылдар да бар.
Өнім дәруменді-минералды кешеннің әртүрлігімен ерекшеленеді. Қара зере майының құрамында В (В9, В6, В3, В2, В1), D, С, Е топтарының дәруменді элементтері бар. Микроэлементтер мен макроэлементтердің ішінен натрий, калий және фосфорды ерекше атап өтуге болады. Сонымен бірге марганец, кальций және мырыш бар. Қара зере майының құрамындағы темір, селен, никель және мыстың жеткілікті мөлшерінің ағзаға пайдасы өте зор.
Қаныққан құрамының арқасында қара зере майы емдік әсері бар өнім. Оның бірегей қасиеттері әртүрлі ауруларды емдеуге көмектеседі. Ас мәзіріне тұрақты түрде қоса отырып ағзалар мен жүйелердің функционалдылығының жақсаруын қамтамасыз етуге болады. Ауруды, түйілуді басатын, қабынуға қарсы, антисептикалық ықпалдары бар. Қолдану кезінде бактерицидті, паразитке, вирусқа қарсы, сондай-ақ иммунокүшейтуші және жараны жазатын әсерлері де болады.
Егер аталмыш өнімді емделу мақсатында қабылдаса, онда ОЖЖ және ми жұмысының жақсаруын күтуге болады. Сонымен бірге физикалық және ақыл-ой жүктемелеріне деген тұрақтылық артады, ал антиоксиданттар онкологияны алдын алуға және иммунитеттік механизмдердің нығаюына мүмкіндік береді.
Май тәбетті жақсарта және асқазан сөлінің қышқылдығын қалпына келтіре отырып, ас қорытуды қалыптандыру процестеріне қатысады. АІЖ ағзаларының жұмысын жақсарады, микрофлораның жағдайы қалпына келеді. Ас қорытудың бұзылуын ескертетін диспепсиялық өзгерістерге жақсы әсер етеді. Табиғи антибиотик болғандықтан, қара зере майы патогенді микроағзаларды жоятындай әсер береді. Мұндай әсер таңдамалы, яғни ішектерде микрофлораны сақтауға мүмкіндік береді.
Өнім жүректің және тамырлы жүйенің жұмысына жақсы әсер етеді. Оның қасиеті тамырлы қабырғада ұйыған қан түйіншектерінің қалыптасуына жол бермей, беріктігі мен иілгіштігін арттыра отырып, оларды нығайтуға да, холестерин концентрациясының төмендеуіне де көмектеседі. Халық емшілері мен ресми медицина қара зеренің қызуды басатын және қақырық түсіретін қасиетін және оны тұмау, бронх қабынуы, қойнаудың қабынуы, пневмония, суық тиген кезде тыныс алу мүшелерін емдеу үшін қолдануға болатынын мойындайды. Семіздік, қант диабеті, несеп шығару жүйелерінің аурулары белгіленген емделушілерге үнемі қабылдаудың пайдасы өте зор.
Дәрігерлер бедеулік, қуық асты безінің аденомасы, қуық асты безінің қабынуы секілді аурулар мазалап жүрген ер адамдарға осы өнімді қабылдауды ұсынады.
Майды сыртқа қолдану тері ауруларын емдеуге, бұлшықет және буын тіндерінің ауырсыну синдромын тоқтатуға көмектеседі.
Дәрумендер
Адамның ағзасы мен оның қалыпты тіршілік етуі үшін дәрумендердің маңызы зор екенін мойындамасқа болмайды. Органикалық түрдегі төменгі молекулалы қосылыстардың мұндай тапшылығының салдары қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Қара зере майы ағзаның дәрумендермен қоректенуін қамтамасыз етуге көмектеседі, өйткені оның түрлері құрамында әртүрлі:
- А дәрумені – ақуыз, майлы және көмірсулардың алмасуы кезінде белсенді түрде іске қосылатын, майда еритін компонент. Көру мүшелерінің функционалдылығын нормалау, ағзадағы өсу процестерін қамтамасыз етуге арналған өмірлік маңызы бар элемент. Ретинолдың арқасында тыныс алу жолдарының, ауыз қуысының шырышты қабаттарын зақымдайтын ауруларға қарсы иммунитеттік қорғанысы жақсарады, инфекцияны жұқтыруды алдын алады.
- D дәрумені – ағзаның кальцийді сіңіру процесін белсенді қылуға көмектесетін, майда еритін дәрумен. Бұл дәруменнің арқасында сүйек тінінің қалыпты өсуі мен қанның ұюын алдын ала тұрақтандыру үшін жағдай жасалады. Жүректің және тамырлы жүйенің жұмысы жақсарады. Кальциферол жетіспеген кезде балаларда рахиттің дамуы өршиді, ал ересек адамдарда қуыстық және сүйектердің сынғыштығы артады.
- С дәрумені – суда еритін дәрумен, инфекциялық зақымдануларға ағзаның қарсы тұра алуын арттырады. Алмасу процестеріне қатысады, темірдің сіңімділігін жандандыру мен холестериннің деңгейін төмендетуге көмектеседі. Аскорбин қышқылы жетіспеген кезде тез шаршағыштық пайда болады, жұмысқа қабілеттілігі, инфекцияға қарсыласуы төмендейді.
- Е дәрумені – май, ақуыз бен көмірсуларға қатысты алмасу процестерінде пайдаланылады, бұлшықет жұмысын қалпына келтіреді, жасушалар құрылымдарының тұтастығын нығайтады, жүктіліктің қалыпты өтуіне көмектеседі. Токоферол жетіспеушілігі бұлшықет жасушаларының құрылымында дегенерациялық ауытқудың өршуіне, иммунитетті әлсіреуіне алып келеді. Дәруменнің жетіспеушілігі түсік тастауға алып келуі мүмкін.
В тобының дәрумендері:
- В1 – ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартады, тәбетті қалпына келтіреді, алмасу процестеріне қатысады, ЖЖ қалпына келеді. Тиамин жетіспеген кезінде ашушаңдық, ұйқысыздық, депрессиялық жағдай, мазасыздық туындайды;
- В2 – алмасу процестеріне қатысады, тіндердің өсуіне, май бездерінің қалыпты жұмыс істеуіне, түс түйсінімін арттыруға мүмкіндік береді.
- В3 – зат алмасуға және қанның глюкозамен қанығуын бақылауға қатысатын, суда еритін дәрумен. Энергетика теңгерімін реттейді, тәбет пен АІЖ-ны қалпына келтіреді. Ниацин жетіспеген кезде ми және есте сақтау жұмысында әртүрлі мәселелер туындайды.
- В6 – алмасу процестеріне қатысады, ОЖЖ-ның жұмыс істеуіне жағдай жасайды, химиялық реакцияларды жылдамдатады. Пиридоксин жетіспеген кезде тері ауруларының қауіпі туындайды, шаршағыштық артады, сіңірдің созылуы, қан аздығы пайда болады.
- В9 – тым белсенді процестерге жағдай жасайды, өсуді тездетеді, ағзаларда май қыртыстарын азайтады. Фолий қышқылы жүктілік кезінде іштегі баланың жақсы дамуы үшін өте қажет.
Міне, сондықтан да тамақтану рационына қара зере майын қосу керек, сонымен бірге, ол халал өнім болып саналады.
Макроэлементтер
Алмасу процестері тек дәрумендермен ғана емес, минералдармен де қамтамасыз етіледі. Соңғысының көмегімен ағзаның қажет ететін заттарының синтезі болады. Мысалы, аминқышқылы, дәрумендердің сіңуі жүзеге асырылады, жасушалар қоректенеді және қалыптасады. Минерал жетіспеген кезде бұзылыстар мен аурулардың тізбегі белсенді бола бастауы мүмкін.
Қара зере майының құрамында бірқатар пайдалы макроэлементтер бар:
- Калий – қандағы қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті орнатуға көмектесетін жасушаішілік макроэлемент. Ол жүйкелік импульстерді беруге қатысады, ферменттердің әсер етуіне жағдай жасайды. Қанда натрий шамадан тыс болған кезде калий қорғаныш әсерін береді, күретамырлық қысымды тұрақтандыруға көмектеседі. Сондай-ақ несеп айдайтын әсерге (несептің ағып шығуын жақсартады) ие.
- Кальций – сүйекті қатайтуда және ферментті процестерді белсенді қылуда маңызды рөл атқарады. Макроэлемент жүректің, қан тамырларының, жүйке-бұлшықет жүйесінің жұмысына әсер етеді.
- Натрий – қан қысымымен су алмасуды реттейтін және қанның буферлігін қамтамасыз ететін жасушааралық және жасушаішілік макроэлемент. Оның әсерінің арқасында ферменттер белсенді болады, бұлшықет және жүйке тобындағы тіндерін реттеуге жағдай жасайды.
- Фосфор – ақуыз, сүйек, нуклейн қышқылдары құрылымдарының маңызды элементі. Энергетикалық табиғаттың алмасу процестеріне қосылыстар қатысады. Соның арқасында тіршілікті қамтамасыз ету, бұлшықет және ақыл-ой белсенділігін қалыпты етуге мүмкіндік береді.
Микроэлементтер
Қара зере майының құрамында маңызды микроэлементтер де бар. Олардың ағзадағы мөлшері алдындағы топтың компоненттерімен салыстырғанда азырақ, бірақ маңыздылығы бірдей болып келеді. Оларға жататындар:
- Марганец – репродуктивті механизмнің, жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Есте сақтауды жақсартуға және ашушаңдықты азайтуға көмектеседі. Қанды тазарту, зиянды құрамдастарды шығаруға, асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыптандыру процестеріне қатысады. Иммунитеттік қорғанысты күшейтеді, мидың қызметін жақсартады.
- Темір – гемоглобинді өндіру және қантүзілім процестеріне ықпал ететін микроэлемент. Иммунитеттік қорғанысты күшейтеді, бактериялардың әсер етуіне жол бермейді. Темір қалқанша гормондарының синтезделу процесін белсенді қылады, уыттарды шығарады, қышқылдандыру және қалпына келтіру процестерін реттейді.
- Мырыш – гормональды функцияларды реттейді, иммуниттеті қалпына келтіреді, мидың белсенді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Микроэлемент сүйектің түзілуіне, қан жасушалырының қалыптасуына, ОЖЖ-ның жұмыс істеуіне, май алмасуға, тері регенерациясы процестеріне көмектеседі.
- Мыс – дәнекер тіннің синтезін белсенді қылады, сүйектің қалыптасуына, уыттарды шығаруға, тіндердің регенерациясына, иммунитеттік қорғанысты күшейтеді. Мыстың әсер етуінің арқасында онкологияны алдын алуға болады, антибиотиктердің белсенділігін артады.
- Селен – бактерияларға қарсы тұруға көмектеседі, уыттарды залалсыздандырады, алмасу процестерінің белсенді болуын қамтамасыз етеді, теріні, эндокриндік жүйе мен орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.
Майлы қышқылдар
Қара зере майы бірқатар майлы қышқылдарға бай. Олардың жалпы саны – 26, ал 18-і қанықпаған болып саналады. Соңғыларының ерекшелігі олардың ішкі микроклиматты құру мақсатында алмасу реакцияларына кіруінің жеңілдігі болып саналады.
Негізгі майлы қышқылдардың ішінде ерекше атап өтуге болады:
- Линол (Омега-6) – эмбрионның өсу және даму процесстерін реттеуге көмектеседі, В дәрумендерінің, ақуыздардың, қанттардың, липидтердің алмасуын реттейді. Гормональды синтезді және ас қорыту жүйелерінің ферменттерін күшейтуді қамтамасыз етеді, тіршілік әрекеті өнімдерінен жасушаларды арылтуға жағдай жасайды, жүйке талшықтарының қозғыштығын төмендетеді.
- Олеин (Омега-9) – холестериннің шоғырлануына әсер етпейді, бірақ қан тамырлары аймағында қыртыстардың қалыптасуына жол бермейді. Қатерлі ісіктен қорғайтын әсері бар. Жетіспеген кезде әлсіздік, шаршағыштық байқалады, ас қорытуда түрлі мәселелер туындайды, тері және түкті аймақтардың жағдайы нашарлайды.
- Омега-3 – күшті қабынуға қарсы әсерімен ерекшеленеді, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларының, ревматизмнің (сарп) пайда болуын, онкологияға шалдығуды төмендетуге көмектеседі,
- Пальмитин қышқылы, эластиннің коллаген мен гиалурон қышқылымен ынталандырушы синтезі. Бұл терінің үстіңгі қабатының регенерациялық өзгерісіне жақсы әсер етеді.
- Стеарин қышқылы – теріні қалпына келтіру үшін таптырмайтын заттек болып саналады.
Амин қышқылдары
Амин қышқылдары құрамына көмірсутек қаңқасы кіретін органикалық күрделі заттар болып саналады. Қара зере майының құрамына 15-ке дейін аминқышқылдары (аргининді қоса есептегенде) кіреді. Олардың ішінде 8-і таптырмайтын болып танылған. Соңғысына ағзаның өзі шығара алмайтын, тек азық-түлікпен келіп түсетіндері жатады.
Майдың құрамы аргининнің, яғни ақуыздан синтезделетін, ерекше амин қышқылының болуымен ерекшеленеді. Амин қышқылдары жүректің және қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға жағдай жасайды, күретамырлық қан қысымын бақылауды қамтамасыз етеді, иммунитетті нығайтады және уыттарды шығаруға көмектеседі. Ағзада аргининнің жеткілікті болуы жұмысқа қабілеттіліктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етеді, онкологиядан қорғайды.
Косметологияда маңызды рөл атқарады. Азық-түлікте амин қышқылдарының болуы тері және түкті аймақтардың жағдайына жақсы әсер етеді.
Фенолдар
Қара зере мен одан алынатын майда монотерпенді фенолдар бар. Олар ісіктің дамуын және таралуын тежеуге жақсы әсер етеді. Алайда кейбір санаттағы адамдарға фенолды сезімталдылықтың пайда болуы қауіпі бар. Мұндай жағдайда беттің қызаруы, ас қорытудың бұзылуы, бастың ауруы, агрессиялық мінез-құлық пайда болуы мүмкін.
Спирттер мен эфирлер
Эфир майларының мөлшері шамамен 1,3%-ды құрайды. Эфир майлары майлы қышқылдармен, фитостеролдармен, флавоноидтермен бірге қан тамырларының жағдайын қалыптандыруға, олардың үзілгіштігін төмендетуге, капиллярлық өткізгіштігін азайтуға жағдай жасайды. Күретамырлық қан қысымын қалыптандыру, тромб түзілуін шектеу, холестериннің төмендеуі қамтамасыз етіледі.
Алкалоидтар
Қара зере майының құрамында алкалоидтар тобының заттары бар. Бұл –құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Олар физиологиялық белсендікке ие, сондықтан олардың ағзада шамадан тыс артық болуы денсаулыққа зиян келтіреді. Қалыпты мөлшерде күретамырлық қан қысымының төмендеуі қамтамасыз етіледі, тыныштандыру, аритмияға қарсы әсері байқалады.
Қанттар мен сахаридтер
Майдың құрамында полисахаридтер мен моносахаридтердің өкілдері бар. Соңғыларының ішінен глюкоза мен ксилозаның болуы байқалады. Ал полисахаридтер құрамы бойынша күрделі көмірсутек және сіңімділік белсенділігі бойынша баяу болып табылады. Олардың қасиеттерін адамның тамақтану теңгерімін реттеу үшін диетологтар қолданады.
Өсімдік қанты фруктоза мен глюкозаны қамтиды. Қара зеренің құрамындағы соңғы компонент бірнеше пайдалы қасиеттердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді:
- ағзалардың жұмыс істеуі мен жасушалардың дамуы үшін қажет энергияның бөлінуі;
- ағзаның күшін нығайту;
- залалсыздандыру;
- көңіл-күйді және психоэмоционалды жағдайды тұрақтандыру;
- қан жүретін механизмдердің жұмысын белсенді қылу;
- ашығу сезімін реттеу;
- ми қызметін белсенді қылу;
Фитостериндер мен фитостеролдар
Фитостеролдар қара зере майы едәуір мөлшерде қаныққан өсімдік тектес гормондар болып саналады. Оларды ағза өттің қышқылды компоненттерін, гормондарды, сонымен бірге D дәруменін өндіру кезінде қолданады. Қабынуға қарсы және бактерицидті әсері бар, имммунитетті күшейтеді, эндокринді жүйенің, жүрек және қан тамырларының ауруын алдын алуға көмектеседі.
Фитостериндер холестириннің деңгейін төмендетеді, ал бірқатар зерттеулердің арқасында онкологиялық аурулардың қауіпін төмендету қабілеттілігі анықталды. Мұндай компоненттер коллагеннің өндіруін жасына қарай төмендеуін баяулатады, ал көп жағдайда оның өндіріміне жағдай жасайды.
Терпендер мен терпеноидтар
Өсімдік тектес терпеноидтар ағзаға қатысты биологиялық белсенділіктің ауқымды спектріне ие. Осы қасиетінің арқасында бірқатар ауруларды емдеу кезінде терапевтік әсер етуі байқалады.
Гликозидтер, сонымен бірге сапониндер
Сапониндер жан-жақты әрекетерге ие бола отырып, көптеген ауруды емдеу кезінде белсенді түрде қолданылатын заттар болып саналады:
- қақырық түсіргіш;
- гормональды;
- несеп айдайтын;
- іш жүргізетін;
- антисклероздық.
Каротиноидтар
Бұл заттар ферменттеу процестерінің белсендірілуінен кейін иммуниттеттік қорғанысты қалыптандыруға көмектесетін, антиоксидант рөлін атқаратын А дәруменіне айналады. Дәруменнің әсерімен коллаген белсенді түрде синтезделеді, терінің регенерация процестері қамтамасыз етіледі. Мұндай құрамыңның арқасында қара зере майын жараны емдеп жазуда ең тиімді дәрі-дәрмек деп есептеуге болады.
Фосфолипидтер
Бұл компонент мембраналық жасушалардың құрылымының негізі. Майдың ағза бойынша тиімді тасымалдануына және оның жақсы сіңуіне көмектеседі. Бұл ретте бауырдың май басуымен байланысты процестер үшін шектеулер қалыптасады. Негізінде жүйке тіндерінде, сондай-ақ ми, жүрек және бауыр тіндерінде таралмайды.
Өзге заттар мен қосылыстар
Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) былай деп айтқан: «Қара зерені пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар» (Бұхари, Тыбб, Муслим, Сәлам). Бұл кездейсоқ емес, өйткені оның құрамында аргнинді қоса алғанда 15 аминқышқылы бар. Олардың 8-і алмастырылмайтын санатқа жатады. Олардан бөлек каротиноидтерге, фитостеролдарға (соның ішінде в т.ч. бета-ситостеринге, кампестеринге, стигмастеринге), флавоноидтер мен илік заттектерге бай. Полисахаридті және моносахаридті компоненттермен қанықпағаны байқалады. Алкалоидтар, энзимдер, сапониндер де бар. Тритерпенді сапониндер мен эфир майлары ерекше орынға ие.
Қара зере: ақуыздар, майлар, көмірсулар, АМҚ
100 г қара зере дәнінің құнарлылығы 333 ккал құрайды. Бұл ретте АМҚ арақатынасы 19,8:14,6:11,9 грамды құрайды. Қара зере майының құнарлылығы 771,55 ккал, АМҚ арақатынасы 3,28:78,92:11,03 граммға тең.
Қара зере майы өсімдік тектес сапалы өнім болып табылады. Оның құрамында әртүрлі дәруменді-минералды кешен, көптеген майлы қышқылдар мен амин қышқылдары, пайдалы биологиялық белсенді заттектер бар. Бұл оны терапевтік мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді.
Alhadaya — суық сығымдау арқылы алынатын таңдаулы қара зере майы. Ол капсула түрінде шығарылады, сондықтан бұл өнім халал болып есептеледі. Капсулалар балық желатинінен жасалады, оның құрамында әр адамның ағзасына қажет, тек қана табиғи компоненттер бар.
Alhadaya майының құрамы оған кіретін амин қышқылдары мен майлы қышқылдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Соның арқасында ағзаның функционалдылығына кешенді түрде жақсы әсер етеді.