Теріге арналған қара зире майы: не үшін және қалай қолдану керек
Табиғи майларды үйде немесе сұлулық салондарында қолдануға болады. Оларды косметикалық мақсаттарда қолдану теріге айтарлықтай пайда әкеледі, олар терінің жағдайын жақсартады, серпімділігін қалпына келтіреді, әжімдерді тегістейді. Бұл шолуда біз зире майы туралы айтамыз.
Тері проблемалары: егер бірдеңе дұрыс болмаса
Ең жиі кездесетін тері проблемалары:
- созылған тері, құрғақтық;
- бет терісінің түлеп түсуі;
- майлы болуы (әдетте Т аймағында);
- әжімдер;
- акне, безеулер;
- тұрып қалған құбылыстар (постакнеден кейінгі дақтар);
- белсенді пигментация;
- купероз;
- экзема, дерматоз, саңырауқұлақ сияқты тері аурулары;
- беттің күңгірт түсі;
- қызыл дақтар, аллергия.
Тері жамылғысында пайда болатын безеулердің, аллергияның, тағы басқа аурулардың себебі әртүрлі. Бірақ, шешуші рөлді дұрыс күтім атқарады. Дұрыс күтім жасауға дәріханалық қымбат препараттарды қолдану міндетті емес, қара зире майы сияқты табиғи өнімдер қолдануға болады.
Проблеманың себептері
Бөртпелер, аллергия, пигменттік дақтар тек теріс сыртқы факторлардың әсерінен пайда болмайды. Оларды туындатуы мүмкін факторларға жатады:
- Гормоналды бұзылулар, олар шамалы бөртпелер немесе тыртық пайда болатын қатты безеулер тудыруы мүмкін. Егер безеулер көп болса, олар ұзақ уақыт жазылмай ауырса, дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.
- Жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуі. Теріде өзіндік иммундық жасушалары – Лангерганстар бар, олардың жұмысы жиі стресстің, дұрыс тамақтанбаудың, күн сәулесінің ұзақ әсер етуінің нәтижесінде және т.б. бұзылады. Сондықтан, дәрумендер мен микро және макроэлементтерден тұратын дұрыс тамақтануды ұйымдастыру қажет.
- Генетиканың әсері. Безеу, аллергия, майлы тері, гормоналды өзгерістер секілді проблемалар ата-анадан мұра болып келе алады.
- АІЖ функцияларының бұзылуы. Оны анықтау үшін гастроэнтерологтан скринингтен өтіңіз. Проблемалар бауырдағы ақаулардан, түтіктердегі өт сөлінің тұрып қалуынан туындауы мүмкін.
- Аллергиялық реакциялар. Әдетте, ол белгілі бір тітіркендіргішке байланысты туындайтын ұстама болуы мүмкін (Гүлдену, белгілі бір өнімдер, дәрі-дәрмектер, косметика).
Кез келген жағдайда сіз денсаулығыңызды кешенді түрде тексеруден өткізіп, созылмалы ауруларды емдеуіңіз керек, сонымен қатар дұрыс тамақтануды ұйымдастыруыңыз керек. Кәмпиттер, фаст-фуд, алкоголь, газдалған сусындар терінің жай-күйін нашарлатады.
Тері проблемаларына арналған қара зире майы
Суық сығымдалған майды зиренің тұқымынан алады, ол Пәкістан, Эфиопия, Сирия, Египет секілді құрғақ, ыстық елдерде өседі. Майды дайындау процесінде тазартылмаған бөлік (ол косметологияда қолданылады), сондай-ақ майлы тұнба алынады.
Тұқым сығындысының құрамында құнды май қышқылдары, дәрумендер, эфир майлары бар. Өнім әжімдермен күресуде тиімді, саңырауқұлақтарды, бактерияларды басады, қабынуды тоқтатады. Бөртпелерге, аллергияға бейім проблемалы теріні емдеуде де белсенді қолданылады. Майды созылу белгілерін, тыртықтарды, безеуден кейінгі іздерді тегістеу үшін эпидермиске жағуға болады. Кейде қара зире майы ішке қабылданады, мөлшері – 3 ай бойы күніне бір шай қасықтан.
Негізгі белсенді компоненттері және олардың теріге әсері:
- кальций-қабынуды жояды, тегістейді, қара нүктелерді кетіреді;
- темір-теріні жасартады, оттегімен қоректенуді жақсартады, сергітеді, ынталандырады;
- мыс-коллаген өндірісін белсендіреді, бактериялардан, вирустардан қорғаныс дәрежесін арттырады, серпімділікті жақсартады;
- мырыш-май алмасуын қалпына келтіреді, майлылықты жояды;
- фосфор – дезинфекциялайды, токсиндерді шығарады.
Аллергияға, бөртпелерге, әжімдерге арналған қара зире үнемі қолданған жағдайда жақсы жұмыс жасайды. Майды басқа өнімдермен араластырып (жожоба майы, бал, ламинария, картоп крахмалы, т.б.) немесе таза түрінде қолданылады. Қолданар алдында теріні жуып, тазарту керек.
Проблемалардың алдын-алу әдістері
- Alhadaya зире майын тері проблемаран емдеуге және олардың алдын алу үшін қолданады. Жас шектеулері жоқ. Мысалы, жас кезінізде терең әжімдердің алдын алу үшін маскалар, компресстер жасай аласыз.
- Өнімді теріңізде 10-нан 40 минутқа дейін ұстаңыз. Белсенді заттың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, әсер ету уақыты соғұрлым аз болуы керек.
- Зире сығындысы өздігінен тиімді, бірақ маскалар басқа да компоненттерді қосу арқылы жасалады.
- Өнімді шаш өсуін жақсарту үшін де қолдануға болады. Ол масканың негізі ретінде қолданылады немесе жай бас терісіне жағылады.
- Әжімдерді тегістеу мақсатында бетке зире майын жаққаннан кейін белсенді мимикадан (қозғалу, күлу, гримаса жасау) аулақ болу керек.
Табиғи зире майы дәрумендерге, микроэлементтерге бай. Ол әжімдерден, құрғақтықтан, тыртықтан, постакнеден, безеуден, саңырауқұлақтардан, терінің түссізденуінен көмектеседі. Alhadaya зире майын негізгі күтім құралы ретінде қолдана аласыз, қолдану ұзақ және жүйелі болуы керек. Кейде өнім ішке қабылданады, курс 3 айды құрайды.