Қара зире майын ішіп көрудің 5 себебі
Зире өсімдігі жаздың ортасында гүлдейді және май дайындауға арналған көптеген дәндері шығады. Халық медицинасы мен аспаздық өндірісте кеңінен қолданылатын бұл өнімде ағза үшін қажетті пайдалы заттар бар. Қара зире түрлі топтағы дәрумендерге, эфир майларына, таптырмайтын омега-3, 6, 9 амин қышқылдарына, сонымен қатар фосфорға, мырышқа, темірге, марганецке, кальцийға бай.
ҚАРА ЗИРЕ МАЙЫН ҚОЛДАНЫП КӨРУДІҢ 5 НЕГІЗГІ ПАЙДАЛЫ ДӘЛЕЛІН КЕЛТІРЕЙІК:
1. Өнім иммунитетті көтеруге, қандағы қант деңгейін төмендетуге, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтуға көмектеседі. Бүйрек және қуық аурулары, өкпедегі қабыну жағдайларында, демікпе және бронхит кезінде қара зире майын қолданған жөн. Қара зире суық тию мен тұмау кездерінде көмектеседі, ағзаның қорғаныс құралдарын нығайтады. Бұл бағалы май жаңа пайда болған ісіктердің дамуын бәсеңдетеді, бірақ оны химия терапия алмай тұрып пайдалануға кеңес беріледі. Тіпті классикалық медицинаның күші келмеген жағдайларда қара зире түрлі аурулармен күресуге ықпалын тигізеді.
2. Қара зире майы жалпы нығайту қасиеттеріне ие. Өнімнің құрамындағы пайдалы заттар ағзаны инфекциялық аурулардан, әсіресе суық тию маусымдарында қорғайды. Майды күзде және қыс кезінде аурулардың профилактикасы ретінде ішуге кеңес беріледі.
3. Емшек сүтімен емізетін аналардың сүті аз болса, оған май көмектеседі. Дәндерінің құрамындағы заттар гормондық жағдайларға жеңіл әсер ете отырып, сүттің көбеюіне ықпалын тигізеді. Майды қолданғаннан кейін емізетін аналардың сүті көбейеді. Өнім сондай-ақ аяқ-қолдары ісетін жүкті және емізетін әйелдерге пайдалы. Майдың сұйықтықты сыртқа шығаратын қасиеті бар, осылайша ағзадағы қажетсіз сұйықтық сыртқа кетеді.
4. Қара зире майы – бұл сұлулық пен денсаулыққа арналған өнім. Оны әжімдерден құтылу, жаралар мен күйіктердің жазылуы, антицеллюлиттік массаж үшін қолдануға болады. Өнім қымбат тұратын екпелерсіз және құрамы күмән тудыратын косметикалық заттарсыз-ақ табиғи сұлулықты сақтауға көмектеседі.
5. Егер Сіз денсаулығыңызға зиян келтірмей арықтағыңыз келсе, ондай жағдайда қара зире майы көмекке келеді. Өсімдік дәндері ішекке жақсы әсер етеді, осылайша тәбеттің төмендеуі орын алады. Май ағзаның зиянды заттардан тазаруына ықпал ете отырып, уыттар мен қалдықтарды сыртқа шығарады. Күнделікті пайдалану тек денсаулықты ғана нығайтып қоймайды, сонымен қатар еш қиындықсыз артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Қара зире майы кейбір қарсы көрсетілімдері бар күшті әсерге ие зат. Пайдалануды бастар алдында дәрігерден кеңес алыңыз.
Біз қара зире майын не үшін сатып алу және оны күнделікті пайдалану керектігінің 5 себебін ұсындық. Өнім денсаулықты нығайтуға, көптеген аурулардан арылуға, жастық пен сұлулықты сақтауға көмектеседі.