Суық тию, ЖРА, ЖРВИ кезінде қара зире майын пайдалану; ағзаға тигізетін әсері
Суық тию кезіндегі тамақтың қышуы, мұрынның бітелуі, булықпа жөтел, қалжырау мен шаршау әдеттегі өмір ырғағынан ажыратары сөзсіз. Ағзаны нығайтып, аурудың жағымсыз белгілерінен жылдам құтылу шын мәнінде оңай, бұған Alhadaya қара зире майы көмектесе алады.
Суық тию ауруларының орын алуы мен оны емдеудің ерекшеліктері
ЖРВИ мен ЖРА тыныс алу органдарына бактериялар мен вирустардың түсу салдарынан пайда болады. Бұл ауруларды жұқтыру суық тию аурулары дендеп тұрғанда және маусым ауысқанда жоғарылайды, әсіресе бұл көп адамдармен араласатын жандарға қатысты. Иммунитеттің қалыпты жұмысы кезінде ағза патогенді микроағзалармен өз бетінше күресе алады, яғни ауру ары қарай дамымайды немесе жеңіл түрде өтіп кетеді.
Бірақ көбіне суық тию қабынбалы өзгерістерге әкеледі – олар тамақтың жыбырлауы, мұрыннан су ағу, көздің жасаурауы және жөтел. Респираторлық инфекциялар ағзаның жүйелі улануына да соқтырады. Бұл әлсіздіктің, дене қызуының көтерілуінің, тәбеттің нашарлауының немесе оның мүлде болмауының, ашушаңдықтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуінің белгілеріне әкеледі. Мұндай белгілер аурудың алғашқы 3-5 күндері қатты білінеді, бірақ толық жазылу үшін 2-3 апта қажет болады.
Суық тию аурулары жалпы жағдайдың нашарлауымен ғана емес, сонымен бірге тыныс алу жүйелерінің жоғарғы бөліктерінің жұмысының бұзылуымен және асқыну салдарымен де қауіпті. ЖРВИ және ЖРА кезінде мынадай патологиялар дамыйды:
- Кеңірдектің қабынуы;
- Көмейдің қабынуы;
- Бронхит;
- Тонзиллит;
- Өкпенің қабынуы.
Респираторлық инфекциялар ауыр жағдайда бүйрек пен жүрек қызметтеріне жағымсыз әсер беруі мүмкін.
Дәрімен емдеу суық тию ауруларының басты белгілерін жоюға көмектеседі. Алайда дәрілік терапия иммунитеттің жоғарылауына әкелмейді, сонымен бірге фармпрепараттар ішкі жүйелерге тигізетін өздерінің улы қасиеттерінің әсерінен иммунитет жұмысына кері әсер етеді. Яғни тұйықталған орта пайда болады – қаншалықты көп ауырсақ, біз соншалықты дәрілерді көп пайдаланамыз, ол өз кезегінде қорғаныс күштеріне кері әсерін тигізеді және ЖРВИ мен ЖРА ауруларының асқыну ықтималдығын жоғарылатады.
Суық тию кезінде қара зире майының ағзаға әсері
Қара зире, рим кориандры – бұлар бір өсімдіктің атауы, оның дәндерінің қасиеті өте бағалы болып саналады. Олардан барлық өмірлік маңызды жүйелерге жақсы әсер ететін емдік майы алады.
Суық тию кезінде қара зире бірден бірнеше әсер береді:
- Вирустар мен бактериялардың көбеюін тоқтатады;
- Қабынуды басады, соның арқасында аурудың қабынбалы түрі азаяды – тамақтың жыбырлауы басылып, жөтел қояды;
- Ағзаның улануын азайта отырып, уыттарды сыртқа шығарады;
- Бронхтарды кеңейтеді және қақырықты сұйылтады, қақырықтың шығуын жеңілдетеді;
- Тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының ісінуін басып, қантамырлардың беріктігін жоғарылатады;
- Қан айналымын жақсартады;
- Ағзаның тонусын жоғарылатады;
- Иммундық қорғаныс органдарының жұмысын белсенді етеді.
Қара зире майын пайдалану дәрілік заттарды қолдану қажеттілігін төмендетеді, ал фармпреапараттарды пайдалану кезінде дәрілік терапияның әсерін күшейтеді. Май сауығуды жылдамдатады және респираторлық инфекциялардың асқынуының алдын алады. Алайда ең бастысы, ағзаны жақсы нығайтады, осылайша суық тию ауруларының қаупін төмендетеді.
Қара зире барлық ағзаға жағымды әсер береді. Өнімді курспен пайдалану жүрек пен қантамырлар жұмысын қалыпта ұстайды, бүйрек пен бас миының қызметін жақсартады, зат алмасу әрекеттерін тұрақтандырады.
ALHADAYA қара зире майының артықшылықтары
Біздің сайтымыздан кез келген адам Alhadaya қара зире дәндерінен алынған, тестілеуден өткен, табиғи майды ала алады. Өнім суық түрде сығу тәсілімен экологиялық таза шикізаттан алынады, бұл табиғи дәндердің құрамындағы микроэлементтердің, дәрумендердің, май қышқылдарының және фитостеролдардың сақталуына көмегін тигізеді.
Alhadaya бірегейлігі, майдың өндірілу кезінде оның желатинді қабықшаға салынуымен қамтамасыз етіледі. Өнімнің капсулалы түрі ыңғайлы, себебі:
- Күн сәулесінің жағымсыз әсерінің алдын алады;
- Өнімнің сақталу мерзімін жоғарылатады;
- Мөлшерлік дәлдікті қамтамасыз етеді;
- Пайдалану кезінде жағымсыз әсер бермейді.
Құранда қара зире майы халал өнімдердің қатарына жатқызылады. Оны діни сенімдерге қарамай қолдануға болады. Майдың жанама әсерлері жоқ, жақсы сіңеді, аллергиялық реакциялар тудырмайды. Оны қабылдаудың бірнеше курсы жас ерекшеліктеріне қарай орын алатын өзгерістердің алдын алады, ұлпалардың қалпына келуін қамтамасыз етеді, ауыр патологиялардың пайда болу ықтималдығын төмендетеді.
Өнімге біздің сайтымыз арқылы тапсырыс беріп, сіздер төмендегілерге қол жеткізесіздер:
- Телефон арқылы тегін кеңес беруге. Менеджерден төлем шарттары мен жеткізу жолдарын, майды пайдалану аясын, қолданудың қандай да бір артықшылықтарын біле аласыз;
- Емделу сатысы немесе профилактикаға байланыссыз компания өкілінің көмегі. Компания өкілдері өнімді пайдалану мерзімінде клиентке хабарласып, жағдайыңыздағы өзгерістерді біліп отырады, қажеттілікке қарай мөлшерін және пайдалану ұзақтығын түзетеді;
- Қазақстан бойынша тегін жеткізуге.
Alhadaya қара зире майы Ресей аймақтары мен ТМД елдері бойынша жіберіледі. Сатып алуды ресімдеу үшін, сайтта көрсетілген форманы толтырасыз. Онлайн-бланкты толтырғаннан кейін, менеджер көрсетілген нөмірге қайта хабарласып, мекен жайыңызды, қанша қаптама екенін, төлем түрін анықтайды, қызықтырған сұрақтарыңызға жауап береді. Жеткізу бірнеше күннің ішінде жүзеге асырылады.
Alhadaya қара зире майын сатып алып, сіз респиарторлық инфекциялардың емдеу-профилактикалық өнімін ғана емес, сонымен қатар иммунитет жұмысын тиімді және қауіпсіз түрде көтеретін өнімге қол жеткізесіз. Бұл өнім әмбебап, яғни оны пайдалану курсы ішкі органдар жұмысын қалыпқа келтіруге, жұмысқа деген қабілеттілікті жоғарылатуға, ағза тонусын көтеруге, көңіл күйді жақсартуға және психоэмоционалды эағдайларға бейімділікті төмендетуге көмектеседі.