Бас ауруына қарсы қара зире майы: қолданылуы, құрамы және пайдалы қасиеттері

Көптеген адамдар басының ауруына, құлақтарының шуылдауы мен үнемі бас сақинасына шағымданады, ересек тұрғындардың шамамен 40% -ы осы белгілерден зардап шегетіні анықталған. Ауырсынудан құтылу үшін адамдар дәрі-дәрмектер іше бастайды, бұл ауруды уақытша жеңілдетумен қатар, жанама әсерлерге байланысты ағзаға айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен қатар, ежелгі дәуірден бастап, бас аурулары мен бас сақинасына қарсы көмектесетін табиғи құрал белгілі болды – бұл қара зире майы.

Үш мың жылдан астам уақыттан бері адамзат ауруларды емдеу үшін қара зире майын қолданып келеді. Авиценна өз шығармаларында бұл өнім иммунитетті күшейтетінін және сол арқылы пациенттің тез сауығуына ықпал ететінін жазды. Нефертити патшайымы осы майдың көмегімен өзінің сұлулығын және жастығын сақтап қалған.

Екі мың жылдан астам уақыт бұрын арабтар мен гректер бас сақинасын емдеуде осы майды қолданған, оны көздің айналасы мен мұрынға жақса, ауру тез жазылатын болған. Құранда Мұхаммед пайғамбар қара зире адамды өлімнен басқа барлық нәрселерден жаза алады деген сөз бар. Қалай дегенмен де, шығыс медицинасында ол түрлі аурулардан құтылу үшін бұрыннан қолданылып келеді.

БАС АУРУЫ КЕЗІНДЕ МАЙДЫ ПАЙДАЛАНУ

Егер бас ауруының алғашқы белгілері пайда болса, бір шай қасық май (немесе екі капсула) ішуіңіз керек, содан кейін оны самайға, маңдай мен желке тұсыңызға жағыңыз. Мұрын желбезектеріне бірнеше тамшысын жағып, терең дем алыңыз, күніне үш реттен қайталауға болады.

Басыңыз өте қатты ауырса, күніне екі рет бір шай қасық май немесе алты капсула майды күніне 2-3 реттен ішу көмектеседі. Бұл ауырсынуды жеңілдетеді және ағзаның демалуына ықпал етеді. Сондай-ақ маймен  самайыңызды сүртсеңіз болады,оның емдік құрамы арқасында қан айналымы жақсарады. Егер бас сақинасы қатты болса және ұзаққа созылса, сіз майға бір қасық бал қосып, оны таңертең аш қарынға таңғы астан жарты сағат бұрын ішуіңізге болады.

Қара зире – бұл табиғи иммунитетті ынталандырушы, энергияны арттырады және шаршауды басады, дегенмен ұсынылған мөлшерді есте сақтап, оларды сақтағаныңыз дұрыс. Бас ауруын емдейтін дәрі ретінде майдың әсері былай байқалады:

  • Гормоналды жүйені реттеу;
  • Қантамырларын кеңейту;
  • Зәр қышқылының бұзылуы.

ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАСИЕТТЕРІ

Қара зире Жерорта теңізінде, Азияда, Кавказда өсіріледі. Осының арқасында тазартылмаған өнімді суық сығымдау үшін жеткілікті мөлшерде шикізат алынады. Майды таңдағанда оның өндірісінде суық сығу әдісі қолданылғанына аса назар аударған жөн. Бұл әдіс зире дәндерінің емдік қасиеттерін сақтайды. Олардың негізгілері:

  • өнім құрамында омега-6 және омега-9 сияқты пайдалы май қышқылдары бар;
  • макро/микроэлементтер (калий, мырыш, кальций, фосфор және басқалар);
  • В тобының дәрумендері, сонымен қатар A, D, C және E, бета-каротин, ретинол;
  • аминқышқылдары;
  • энзимдер, стериндер, эфир майлары.

Бұл осы бірегей майдың құрамындағы пайдалы заттардың толық тізімі емес, толық тізімде жүзге жуық атаулар бар. Олардың ағзаға жалпы әсері адам денсаулығына өте пайдалы.

Қара зирені тұрақты пайдалану тек бас сақинасынан арылуға ғана көмектеспейді, сонымен бірге ағзаға жағымды әсер етеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар оның денсаулыққа пайдасын дәлелдеді:

  • Ол тоникалық әсерге ие. Жүрек және ми қызметін жақсартуға көмектеседі.
  • Иммунитетті ынталандырады. Қандағы қантты, холестеринді төмендетеді, төзімділікті арттырады, қатерлі ісік ауруының алдын алуға көмектеседі.
  • Жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді, асқорытуды жақсартады.
  • Ағзадан уыттар мен қалдықтарды шығарады, зәр шығарушы әсерге ие.
  • Қара зире майы – жақсы муколит, өкпе мен бронхтардан секрециялар мен шырышты тазартуға көмектеседі. Дене қызуын басатын әсерге ие.
  • Еркін радикалдармен күресте өзін жақсы көрсетеді, оларды ағзадан шығарады. Антиоксидант болып табылады.
  • Қабынуға қарсы және бактерицидтік қасиеттері бар.

Сонымен қатар, өнім косметикалық мақсаттарда қолданылады, терінің және шаштың күйіне әсер етеді.

ЖАЛПЫ КЕҢЕСТЕР

Табиғи құрамына және суық сығымдау әдісі арқылы дайындалғанына  сенімді болған кезде ғана өнімді сатып алған дұрыс. Біз дәл осындай Alhadaya қара зире майын ұсынамыз – ол өзінің пайдалы қасиеттерін сақтап қалған жоғары сапалы өнім.

Alhadaya қара зире майын қабылдауға ыңғайлы болу үшін оны капсула түрінде алуға болады. Екі капсула – бұл шамамен бір шай қасық өнім.

Егер сізде әлі де өнім туралы сұрақтарыңыз болса, біздің мамандар сайтта немесе телефон арқылы ақысыз кеңес бере алады және сіздің мәселеңізді ескере отырып, өнім туралы толық ақпарат береді.

Бізге тапсырыс жасау өте оңай, біз ақысыз және тез жеткізуді қамтамасыз етеміз. Біздің қызметкерлер өз клиенттеріне қамқорлық жасайды, сондықтан тапсырыс бергеннен кейін қоңырау шалып, емделу барысы туралы сұрайды, кеңес алу қажет болған жағдайда сіздерге барлығын түсіндіріп береді.

Alhadaya майына біздің сайттан тапсырыс берсеңіздер, жақын арада бас ауруы мен бас сақинасы туралы ұмытасыз, сонымен қатар өз денсаулығыңызды нығайтасыз, себебі ол ағза үшін өте пайдалы өнім болып табылады.

 

You may also like...