Есте сақтау мен жүйке жүйесі үшін қара зире майының пайдасы
Қазіргі заманғы адамдар үнемі күйзеліс жағдайында жүретіндіктен, дұрыс тамақтану, тамақтану үлесінде дәрумендердің, минералдардың және басқа да құнды заттардың болуы өте маңызды. Дегенмен, біздің үстелімізде пайдалы және табиғи өнімдер азайып бара жатыр. Сол себепті қажетті қосылыстар мен элементтердің жетіспеушілігін барлық жолдармен өтеудің қажеттілігі артып келеді.
Бұл мәселе толығымен табиғи және бірегей өнім – Alhadaya қара зире майымен тиімді шешіледі. Біз өнімнің қандай қасиеттері бар екенін және дәрігерлер оны әртүрлі мәселелері мен аурулары бар адамдарға неге ұсынатынын білейік.
МИ МЕН ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҮШІН ҚАРА ЗИРЕ МАЙЫНЫҢ ПАЙДАСЫ
Медициналық статистикаға сәйкес, планетаның әрбір төртінші тұрғынында есте сақтау мәселелері бар. Тек қарт адамдар ғана емес, сонымен бірге жастардың, сондай-ақ мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ұмытшақтық пен зейін қою тұрғысынан зардап шегетінін білгенде Сіз қайран қаласыз.
Есте сақтаудың бұзылуының себептері көп:
- ұзаққа созылған күйзеліс – ол ағзаны әлсіретеді, өнімділікті төмендетеді, жүйке жүйесінің барлық қызметіне әсер етеді;
- ұйқының жетіспеуі – ұйқының созылмалы жетіспеушілігі күйзеліс жағдайын күшейтеді, ағзада қажетті заттардың дамуына жол бермейді, депрессиялық ауытқушылықтарға әкеледі;
- алкогольді шамадан тыс пайдалану – уыттардың үнемі әсер етуі ми жасушаларына зиянды болады;
- шамадан тыс көп дәрі ішу – кейбір органдарды емдейтін нәрсе басқа жерлерге, атап айтқанда жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді;
- созылмалы және жіті аурулар – жұқпалы аурулар, қант диабеті, қалқанша безінің мәселелері;
- дәрумен тапшылығы – әсіресе В тобының дәрумендері.
Осы факторлардың әсерінен есте сақтау қабілеті нашарлайды, сонымен қатар жоғары жүйке қызметінің басқа қызметтері – назар, ойлау, сөйлеу ауытқиды. Осы кездерде үнемі шаршау, енжарлық, ауытқушылық болады.
Alhadaya қара зире майы бірқатар дәрі-дәрмектер мен пайдалы өнімдердің орнын басады. Фосфолипидтер мен пайдалы микроэлементтер (мырыш, магний, В тобының дәрумендері) мидың белсенділігін, простагландин өндірісін ынталандырады, ағзадағы энергетикалық әрекеттерді белсенді етеді. Сонымен қатар, өнім жалпы нығайтқыш әсеріне ие және иммунитетке оң әсер етеді, біздің ағзамызды аурулар мен күйзеліс факторларына қарсы тұруға мәжбүр етеді.
ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ
Адамның барлық органдары мен жүйелеріне жағымды әсер беретін бұл табиғи өнім керемет теңгерімді құрамға ие.
Қара зире майының құрамында:
- А, С, D, E дәрумендері және В тобының дәрумендері;
- жүйке ұлпаларының, жасушалы мембраналар құрамына кіретін, зат алмасу әрекетіне қатысатын фосфолипидтер;
- қаныққан және қанықпаған май қышқылдары;
- 15 аминқышқылы (оның ішінде 8 алмастырылмайтын);
- А дәруменінің негізін қалаушы каротиноидтар;
- макроэлементтер және калий, натрий, фосфор, мырыш және тағы да басқа микроэлементтер бар.
Әйгілі дәмдеуіштерден алынған Alhadaya суық сығымдалған майы – көптеген жақсы көрсеткіштері бар және қарсы көрсетілімдері ең төмен заманауи емдеу-профилактикалық өнім болып табылады. Ол жүйке аурулары, есте сақтау және зейін қою мәселерін және басқа да көптеген ауруларды емдеу кезінде қолданады.
ПАЙДАЛАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Мұхаммед пайғамбар, Гиппократ және патшайым Нефертити қара зиренің пайдалы қасиеттері туралы білген. Қара зире дәстүрлі үнді медицинасында кеңінен қолданылды – Аюрведаның дәрігерлері қара зире майын жалбызбен және балмен араластырып, есте сақтауды жақсартып, ағзаны жасарту үшін пайдаланған. Бүгінгі таңда өнімнің әсері ғылыми түрде зерттеліп, 1959 жылдан қазіргі уақытқа дейін жүргізілген жүздеген университеттік зерттеулер оның пайдасын растады. Өнімнің жасартатын қасиетке ие екендігі, иммундық жүйені күшейтетіні, мидың белсенділігін арттыратыны дәлелденді.
Пайдалану көрсеткіштерінің негізгілеріне төмендегілер кіреді:
- есте сақтау, назар аудару, зейін қою кезіндегі мәселелер – май жүйке жасушаларын ынталандырады, оларды белсенділікке итермелейді, бас миындағы зат алмасу әрекеттерін жақсартады;
- шаршау, күштің болмауы – ағзаны энергияға толтырады;
- жүрек-қантамыр аурулары – өнім қысымды тұрақтандырады, зиянды холестериндер деңгейін төмендетеді, жүрек ұлпаларын қалпына келтіреді;
- ер адамдардың сексуалдық мәселелері;
- тыныс алу жолдарының аурулары;
- семіздік – өнім зат алмасуын жылдамдатады және метаболизм белгілерін жояды;
- көздің нашар көруі;
- иммундық жүйе жұмысын ынталандырады – ағзаның инфекциялар мен ЖРВИ-ға қарсы тұруын күшейтеді;
- диабет кезінде қандағы қант деңгейін төмендетеді;
- асқорыту мәселелерін жояды – іш қатуы, диарея және басқа да ауытқулар;
- етеккір циклын қалыпқа келтіреді, етеккір кезіндегі ауырсынуларды басады;
- қатерлі ісік аурулары кезінде тиімді.
Өнім тек ішке ғана емес, сонымен қатар сыртқа да қолданылады. Өнімнен бетке және шашқа арналған лосьондар мен маскалар жасайды. Ол теріні жасартады, меланиннің өндірілуін ынталандырады, терінің майда тесіктерін тазартады және безеулерге, дақтарға және қышымаға қарсы тиімді күреседі. Құрамындағы заттар шаш түптерін нығайтады, шаштың түсуіне жол бермейді және тақырбастық кезінде көмектеседі.
Сонымен қатар, май жасөспірім балаларға да пайдалы – ол мұқият болуға, ұқыпты болуға көмектеседі, ақпаратты есте сақтауды жақсартады.
Табиғи құрамы мен көптеген пайдалы қасиеттеріне қарамастан, өнімді қатаң түрде нұсқаулығы бойынша қолдану керек.
Мынадай жағдайларда қара зире майын пайдалануға болмайды:
- өнімге аллергия болғанда және сезімталдық жоғары кезде;
- жүктілік кезінде – май жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына әкеліп, ол өз кезегінде түсік тастауға дейін жеткізуі мүмкін;
- қысым төмен болғанда.
Жанама әсерлер мен жайсыз жағдайлар өте сирек орын алады, алайда пайдалану алдында маманнан кеңес алыңыз.
ҚАЙДАН САТЫП АЛАМЫЗ
Alhadaya май өніміне сайт арқылы немесе парақшада көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласып тапсырыс беріңіз. Компания суық сығу әдісі арқылы майды капсулаларда сатады, тауарларға сертификаттар береді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында тегін жеткізуді ұсынады. Еліміздің барлық ірі қалаларында компания филиалдары бар. Жалған немесе стандартты емес өнімдерден сақ болыңыз – зире майына тек біздің сайт арқылы тапсырыс беріңіз.
Сайтта сіз маманның тегін кеңесіне тапсырыс бере аласыз және май сіздің ауруыңызға сәйкес келе ме, қарсы көрсетілімдер бар-жоғын біліп, препараттың әсері мен өнімді ақысыз жеткізу шарттары туралы біле аласыз.