Сұлулық пен денсаулыққа арналған қара зире майы
Қара зире майы – өзінің емдік қасиеттерімен 1400 жылдан бері белгілі болған өнім. Құранда «өлімнен басқа барлық ауруларды емдейтін құрал» деп айтылған, сондықтан қазіргі заманғы дәрі-дәрмектерге қарағанда денені сауықтыруға көп көмектеседі. Табиғилығының арқасында денсаулық пен сұлулық үшін толық қауіпсіздігі мен артықшылықтары туралы айтуға болады. Құрамында дәрумендердің, амин қышқылдарының, микро және макроэлементтердің, энзимдердің, эфир майларының көптігі, оны бір уақытта жалпы жағдай мен сыртқы келбетті жақсарта алатын жақсы құралға айналдырды. Ал тері мен шашқа күтім жасауда өте керемет әсер береді!
Денсаулық үшін пайдасы
Қара зире майын денсаулыққа қолдану іс жүзінде шектеусіз десек болады: ол зат алмасу мәселелерінен бастап қатерлі ісік ауруларына дейін. Сонымен қатар, капсуладағы қара зире майы табиғи жеңіл антибиотик, вирусқа қарсы және паразиттерге қарсы әсерге ие. Сондықтан, тиісті зерттеулер жүргізгеннен кейін, американдық ғалымдар осы құрамдас бөліктер негізінде дәрі-дәрмектерді шығаратын бірнеше зертхана құрды.
Қара зире майын пайдалану үшін оны – зәйтүн майы, сәбіз шырыны және тағы басқалар секілді өнімдермен араластыру керек. Сондықтан Alhadaya капсулалары сияқты нұсқалар жасалды, ол пайдалы құрамды тез арада асқазанға жеткізеді, ол жерде жылдам сіңіп кетеді және дененің қан айналым жүйесімен ең алыс жерлеріне дейін жетеді. Ал өндіріс кезінде пайдаланылған суық сығу әдісі пайдалы элементтерінің ең көбін сақтауға септігін тигізеді.
Сұлулыққа арналған қара зире майы
Семіздіктен емдеу, мықты денсаулыққа қол жеткізу – бұл өнімнің пайдалы қасиеттерінің тек бірнешеуі ғана. Ішкі органдар мен жүйелерге әсер етуінің арқасында, май тері мен шаштарға қатысты ішкі мәселелерді жоюға көмектеседі, ал сыртқа қолдану әсерге тез қол жеткізуге және оны жылдамдатуға ықпал етеді.
Теріңіз сізге рахмет айтады
Бұл әйелдер үшін нағыз қазына. Өнім әсіресе келесі мақсаттарда қолданылған жағдайда маңызды болады:
- Жараларды емдейтін және қабынуға қарсы өнім, мәселесі бар терінің белгілерін жоюға көмектеседі.
- Қотыр, қышыма, есек жем, зең инфекциясы және басқа дерматит белгілерінің дамуын жоюға көмектеседі. Яғни, қабыну, қабыршықтану, қызару, инфекция пайда болатын тері ауруларын қара зире майымен оңай жеңуге болады.
- Майлы тері, безеу, қабыну, терінің майда тесіктерінің кеңеюін осы құралмен кетіруге болады.
- Белсенді антиоксидант ретінде қара зире майы теріні жасартады, бет терісін тегістейді және майда әжімдермен ғана емес, терең әжімдермен де күреседі.
- Егер беткі қабаттар қатайған, құрғаған, қабыршақтанған болса – бұл өнім сізге керемет көмекші болады, себебі ол терінің гидро-липидті тосқауылын қолдайды.
- Вирусқа қарсы қасиеттері бар бұл препарат, герпес белгілерімен күресуге қабілетті. Енді сізге ұзақ уақыт емделудің қажеті жоқ – майды ішке және сыртқа қолданып көріңіз. Ал дәрі-дәрмектерден айырмашылығы, капсулалар жанама әсерлер бермейді, ал теріге тигізетін әсері өте тез білінеді.
- Майдың вирусқа қарсы қасиеттерін көрсететін екінші мәселе – ағзадағы папилломаларға қарсы күресетін белгісі.
- Целлюлиттің шығуына байланысты өз денелерінен ұялатын әйелдер, ақыр соңында, осы құрамды пайдалана отырып, оны жеңе алады. Енді тері тегіс, жұмсақ және сұлу болады, «апельсин қабығы» секілді белгілері болмайды.
- Дене терісінің созылуы немесе кесілуі – қара май әсерінен жойылатын мәселе. Оны профилактика ретінде және ағзадағы терінің кемшіліктерімен белсенді күресетін құрал ретінде пайдаланады.
- Препаратты қабылдау қантамырларының көріністерін жеңуге көмектеседі.
Шашқа арналған қара зире майы
Бұл өнім шаштың күші мен сұлулығын сақтауға көмектеседі, зақымдалған жерлерін қалпына келтіреді. Сыртқа және ішке қолдану кезінде мынадай жағдайлар белгілі болған:
- Қара зире майы – бас терісіне қорықпай жағуға болатын таңдаулы өнімдердің бірі. Ол қайызғақ, терінің тітіркенуі, қышу секілді белгілермен күресуге ықпал етеді.
- Сау және жылтырақ қасиеттер бере отырып, өнім шаштың құрылымына әсер етеді, шаштың ұштану белгілерін жояды.
- Шаш түбінің қатаюы, қас пен кірпіктің де жағдайы жақсарады.
- Шаштың ағаруын да осы майдың көмегімен баяулатуға болады.
- Егер шашыңыз сирей бастаса, қара зире майын тұрақты пайдаланатын болсаңыз, бұл мәселемен күресуге ықпал етеді, «ұйықтап қалған» шаш түптерін оятып, жаңа шаштардың белсенді өсуіне септігін тигізеді.
Теріге қолданылуы секілді, бұл өнім құрамы кез келген шаш түріне пайдаланылады. Міне осылайша, табиғат тек денсаулықты ғана емес, сонымен қатар сұлулықты та сақтау үшін осы өнімді берген екен. Тек оны қолдануды бастау қажет.