Жүрекке арналған Alhadaya қара зире майы – қасиеттері, қолданылуы

Жүрек ауруларының алдын алу бұл аурулармен өмір сүруден гөрі оңай. Бүкіл әлемде өлім себептерінің тізімінде жүрек патологиялары топ жарады. Алайда бұрын жүрек ауруларымен егде жастағы адамдар ауырса, қазіргі уақытта жүрек-тамыр патологиялары жас адамдарда да жиі кездесіп жатыр. Бүгін біз жүрек бұлшықеті мен қан тамырларының созылмалы ауруларының алдын алу үшін альхадая қара зире майын қалай қолдануға болатындығы туралы айтамыз.

Қара зире қандай жүрек ауруларының туындауына жол бермейді

Жүрекке арналған қара зире бірнеше мақсатта қолданылады:

  1. Қан тамырларының кеңеюі, бұл қан қысымын төмендетуге көмектеседі.
  2. Артериялардың, тамырлардың және капиллярлардың қабырғаларын нығайту, бұл икемділікті арттырады және қанның тоқырауы пайда болмайды.
  3. Жүректің электр өткізгіштігін және клапан аппаратының жұмысын ынталандыру арқылы жүрек ұлпасын нығайтады.
  4. Май қышқылдарына бай қара зире атеросклероздың ала алады, себебі «жаман» холестериннің пайда болуына кедергі жасайды.
  5. Тұқым сығындысы жеңіл диуретикалық әсерге ие, бұл жүрек пен бүйрек ісінуін жоюға көмектеседі.

Alhadaya өнімін үнемі қолданған кезде ағза жасарады, иммунитет керемет ынталанады, метаболизм процестері жақсарады, глюкоза деңгейі қалыпқа келеді және бүйрек жұмысы жақсарады. Зире майын инфаркт пен гипертониялық криздердің алдын алу үшін және денені жалпы нығайту үшін қолданады.

  • Қызықты! Ғалымдар майдың ішіне зире тұқымын пайдалану туралы алғашқы ақпаратты неолит және мезолит дәуірлеріне жатқызады. Кейінірек, 1922 жылы Тутанхамунның қабіріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде зире майы табылды. Бұл табиғи өнімнің қасиеттерін егжей-тегжейлі зерттеуге түрткі болды.

Жүрек ауруларының жалпы себептері

Жүрек-қан тамыр патологиясының бастапқы себебінің бірі салауатты өмір салтын ұстанбау болып табылады. Жүрекке және қан тамырларына зардап әкелетін ең көп таралған зиянды әдеттер:

  • темекі шегу, алкогольді сусындар ішу;
  • артық тамақтану, майлы, қуырылған, ет тағамдарына тәуелділік. Маринадтар мен ысталған етке деген махаббат;
  • созылмалы стресс;
  • жұмыста физикалық және эмоционалды шамадан тыс жүктеме;
  • түнгі ұйқының жеткіліксіздігі, түнде жұмыс істеу.

Жоғарыда аталған факторлардан басқа:

  • тұқым қуалайтын бейімділік;
  • жүрек пен қан тамырларының туа біткен патологиялары;
  • басқа созылмалы аурулардың болуы – диабет, бүйрек және эндокриндік патологиялар, анемия, онкология;
  • семіздік;
  • иммунтапшылығының жағдайы;
  • аштық диетаны ұзақ уақыт сақтау немесе тәбеттің төмендеуінің салдарынан дәрумендердің, микро – макроэлементтердің, минералдардың жетіспеушілігі (қатаң вегетарианизм).

Экология, сапасыз, нитраттар мен зиянды қоспаларға бай өнімдер де маңызды.

Аталған себептері белгілі, бірақ олардан құтылу қиын. Сондықтан алдын-алуды жүйелі түрде жүргізген жөн. Бұл жағдайда суық сығымдалған зире майы көмектеседі.

  • Маңызды! Суық сығу әдісі – ең сапалы және құнды. Оны дайындау кезінде жоғары температура мен еріткіштер пайдаланылмайды, бұл әдістер көмегімен тазартылған өнімдер алынады. Суық сығу кезінде тұқымдар ұсақталады, содан кейін пресспен басылады. Температура 27 градустан аспайды. Тазартылған майды дайындау 230 градус температураны қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл өнімнің сапасына әсер етеді. Осындай жоғары температурада қоректік заттар жойылады.

Қара зире майы жүрекке қалай көмектеседі

Alhadaya табиғи зире майының қасиеттері холестерин түйіндерінің пайда болуына жол бермейтін май қышқылдарының көптігіне байланысты құнды. Холестерин түйіндері– жүрек патологиясының негізгі себептері. Холестериннің жоғары болуына байланысты жүрек ұлпасының икемділігі төмендейді, жүрек пен миды қоректендіретін тамырлар тарылып, сынғыш болады. Тамырлы канал функциясының жеткіліксіздігінен оттегі тасымалдануы нашарлайды, осыған байланысты ұлпалардың гипоксиясы туындайды, сонымен қатар қажетті қоректік компоненттердің ағзаға түсуі мен сіңуі төмендейді.

Майдың құрамына простагландиндер мен фосфолипидтер кіреді, олар тегіс бұлшықеттерді, соның ішінде жүрек ұлпасын нәрлендіреді. Май қышқылдары (линол, стеарин, олеин, арахин және басқалары) өнімнің үштен бірін құрайды. Зире майы липазаға, катехиндерге, эфир майларына, эргостенилге бай, бұл жүйке жүйесін нығайтады, стрессті болдырмауға, шаршауды жеңілдетуге және иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі.

Жүрек ауруларының алдын-алуды бөлек жүргізу мүмкін емес, денсаулықты жалпы жағдайын ескеру қажет. Зире майының құрамында В, D, A, E дәрумендерінің, мырыш, фосфор, марганец және аминқышқылдарының болуына байланысты глюкоза деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Өнім бактерицидтік және жеңіл диуретикалық әсерге ие, ас қорыту жүйесін ынталандырады, метаболизмді реттейді, аллергияны жояды.

  • Маңызды! Alhadaya өнімі капсулаларда болады, бұл ішке қабылдауды жеңілдетеді және зире майының тотығуына жол бермейді.

Алдын алудың қосымша әдістері туралы

Майдың қасиеттері туралы айттық, толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады. Алайда, егер сіз өміріңізді сау бағытта өзгертпесеңіз, ешқандай табиғи және пайдалы қоспалар көмектеспейді. Мұнда бірнеше қарапайым кеңестер берілген:

  1. Өз мәзіріңізді дұрыс қалыптастырыңыз, біртіндеп тамақтанудың жерортатеңіздік түріне көшіңіз.
  2. Көбірек қозғалыңыз, таза ауада болыңыз.
  3. Сауықтыру гимнастикасын жоғары жүктемелерсіз, күніне кемінде 10 минут бойы жасау және түнгі жеткілікті ұйқы ұсынылады.
  4. Позитивті көңіл-күй туралы ұмытпаңыз, әр күнді қуанышпен қарсы алыңыз.
  5. Зиянды әдеттер туралы ұмытыңыз, сонда жүрек сізге риза болады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы адамның денсаулығы оның өмір салтына 50% – ға, тұқым қуалаушылыққа 20% – ға, экологияға тағы 20% – ға және медицина мен фармакологияның жай-күйіне ғана 10% – ға тәуелді екенін әлдеқашан анықтаған. Дұрыс қорытынды жасаңыз, өзгеруден қорықпаңыз, алдын-алу үшін дұрыс өнімдерді сатып алыңыз.

You may also like...