Қара зере майы пайдасы мен зиян

Қара зере, содана, римдік күнзе – дәндері ең бағалы өсімдіктің атауы. Шығыс елдерінде дәмдеуіш ретінде етті және етсіз тағамдарға, нан өнімдеріне, мусстарға және тәтті тоңбаға кеңінен қолданылады. Алайда содананың қолданылу аясы бұл ғана емес. Қара зере майы күшті емдік қасиеттерге бай және функционалдылығы төмендеген кезде ағзалардың жұмысын қалпына келтіреді.

Пайдалы қасиеттері

Майдың құрамында аминқышқылдары, табиғи гормональды компоненттер, полисахаридтер, фосфолипидтер сияқты тірі азғалар үшін таптырмайтын заттектер бар. В, А және Е пайдалы дәрумендері мен бірқатар микроэлементтерге бай. Алмасу реакцияларының қалыпты өтуін қамтамасыз ететін және қартайған тіндер мен жасушалардың жаңаруын жақсартатын олеин қышқылы ең үлкен биологиялық құндылыққа ие.

Емдік майды зеренің піскен дәндерінен сығып алады. Дәмі аздап қышқылдау, өзіне тән хош иісі бар. Қара зере майының зияны мен пайдасы көптеген медициналық басылымдарда жарияланған.

Зере майының құрамы және оның ішкі ағзалардың жұмыс істеуіне әсері ресми тұрғыда зерттелген. Өткізілген клиникалық сынақтар содананың бактерияға қарсы қасиеті кейбір антибиотиктерден әлдеқайда асып түсетінін дәлелдеуге көмектесті. Қара зере майы оба вебрионы және ішек таяқшасы сияқты қауіпті бактериялармен күресе алатыны дәлелденген.

Қара зере майының өзге де ең пайдалы әсерлеріне жатады:

  • Иммунокүшейтуші. Құнарландырылған майлы сұйықтықта толық мөлшерде иммундық жүйенің барлық бөлімдерінің жұмысын жақсартатын заттектер бар;
  • Тазартушы. Зере зиянды уыттарды жақсы бейтараптандыра алады, бауыр мен бүйректің сүзгіштік қабілетін қалпына келтіреді;
  • Несеп айдағыш. Май несептің шығуын жақсартып қана қоймай, балмен қосып ішсе, бүйректегі тас түйіршіктерінен құтылуға көмектеседі;
  • Тыныштандыратын және адаптогенді. Зере шығыс медицинасында ұйқысыздықтан және ашушаңдықтан арылу үшін қолданылады. Ол бас ми жұмысын жақсартады және жайлап әлдендіреді;
  • Тырыспа жоюшы және ауруды басатын. Бұлшықеттердің түйілуін жеңілдетеді және жеңіл ауырсынуды басатын әсер береді;
  • Өт айдайтын. Зере майы өт жолдарын тазалайды, соның арқасында ас қорыту жақсарады;
  • Қалпына келтіретін. Қара зере тіндердің қалпына келуін жақсартатын заттектерден тұрады, сондықтан зақымдалған терінің қалпына келуін жылдамдату үшін жиі қолданылады;
  • Паразиттерге қарсы. Зере майы адамның ас қорыту мүшелерінде паразит жолмен тіршілік ететін, ең көп таралған ішек құрттарынан жайлап құтылуға көмектеседі.

Өнімді емдік мақсатта пайдалану жіті соматикалық аурулар кезінде тезірек жазылуға, ағзаның жастығын ұзартуға, созылмалы патологиялар кезінде ағзаның жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі. Бірақ қара зере майын ішке және сыртқа қолданғанда міндетті түрде барлық қарсы көрсетімді ескеру керек, әйтпесе мұндай емнің пайдасынан гөрі зиянды жағы көбірек болады.

Қолдануға көрсетілімдері

Қара зере майының емдік қасиеттері көптеген ауруды емдеген кезде, сондай-ақ профилактикалық препарат ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда өнім келесі жағдайларда айтарлықтай пайдалы:

  • Жиі респираторлық және вирустық аурулар, ісіп қызару сипатындағы қайталанатын патологиялар тән болып келетін иммунитеттің әлсіруі кезінде;
  • Емдік-инфекциялық процестерді емдеу кезінде табиғи антибиотик ретінде;
  • Онкологияға тұқымқуалаушылық жағынан бейім тұлғалар. Қара зере майы мөлшерден ауытқыған жасушалардың дамуына жол бермейді, сонымен бірге қатерлі процестердің дамуына бөгет болады;
  • Ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулары кезінде. Қара зере майы шырышты қабырғалардың өзгертілген құрылымын қалпына келтіреді, жиналған шлактарды шығарады, тамақтың қорытылуын жақсартады;
  • Бүйрек және бауыр тіндерін тазарту үшін;
  • Семіздік кезінде. Қара зере алмасу процестерінің белсенді етуінің арқасында арықтауға көмектеседі;
  • Паразиттермен күресу үшін;
  • Несеп бөлінуінің бұзылуымен өтетін бүйрек аурулары кезінде;
  • Балалы бола алмай жүрген әйелдер мен ер адамдарға.

Зеренің емдік қасиеті дерматологиялық патологияларды емдеу кезінде өте пайдалы болып келеді. Денеге майды жағу арқылы жара, қышыма, терінің қабынуы кезінде эпидермистің қалпына келуін жылдамдатуға, сыздауықтың іріңге толу ұзақтығын азайтуға болады. Қара зере майы косметологияда кеңінен сұранысқа ие. Құрамындағы май теріні жасартады, оның қайта бастапқы қалпына келуін күшейтеді, шашты қалыңдатып, өсуіне жақсы әсер етеді.

Қара зере майын зиянды әрекеттерге әуес адамдарға курспен ішкен артық етпейді, оның әсерімен уыттар шығып, қан тамырлары тазарады және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы тұрақталады.

Қарсы көрсетілімдері мен зияны

Қолданар алдында егер оны қолдануға қарсы көрсетімді ескермесек, майдың денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін есте ұстаған дұрыс. Аталмыш өнімді мынадай жағдайларда қолдануға болмайды:

  • Жүктілік кезінде. Зеренің құрамында жатыр тонусын күшейтуі мүмкін фитогормондар бар. Оның салдарынан жүктілікті тоқтату қауіпі туындайды;
  • Қысым төмендеген кезде;
  • Ағзаларды ауыстырған кезде. Дене мүшелері ауыстырылғаннан кейін қара зеренің әсерімен ішкі ағзалар функцияларының күшеюі есебінен донорлық тіндердің қабылдамауы орын алуы мүмкін.

Ойық жара, гастрит, панкреатит асқынған кезде маймен емделудің уақытша тоқтатқан дұрыс. Ұсынылған мөлшерді асыруға болмайды, өйткені ол бас ауруына, дәреттің бұзылуына, күретамырлық қысымның төмендеуіне алып келуі мүмкін. Аталмыш белгілер пайда болған кезде препараттың мөлшерін азайтып, жалпы көңіл-күйді бақылау керек.

Қара зере майының ағза үшін пайдасы

Зеренің емдік қасиеттері сан алуан. Көптеген шығыс емшілері бұл өсімдікті барлық белгілі аурулардың шипасы деп есептейді. Ықылас болса, дәстүрлі терапияға берілмейтін, созылмалы ауруларға да, қарапайым тұмауға да шамасы келетін қара зере негізіндегі рецепттерді табуға болады.

Иммундық жүйе

Өсімдіктің вирусқа қарсы және микробқа қарсы комненттерінің, антиоксиданттар мен дәрумендердің жиынтық әсері иммундық жүйенің жасырын сақтық қорларын жандандыруға көмектеседі. Соның арқасында қара зеремен емдеу курсы салқын тигеннен пайда болған аурулардың жиілігін төмендетеді, жалпы әлдендіретін әсер береді және соматикалық аурулардың пайда болуынан сақтандыруға көмектеседі.

Ересектерге иммундық жүйенің жұмысын жақсарту үшін күніне екі рет шай қасықпен ішіп, 2 айдан 4 айға дейін қабылдау керек.

ЖРВИ және суық тиіп ауырған кезінде қара зере майын бірнеше нұсқада пайдалануға болады:

  • Тамақты булау үшін – бір шай қасық қара зере майын кәстрөлдегі ыстық суға құйып, соның буымен демалады;
  • Ішке. Суық тиіп ауырған кезде бір шай қасық майды, аздаған мөлшерде ара балын және лимон бөліктерін шайға қосып ішу керек;
  • Мұрынға тамызу үшін. Қара зере майын зәйтүн майымен 1:1 қатынасында араластырып, күніне 2-3 тамшыдан мұрын қуыстарына тамызып отыру керек.

Ас қорыту жүйелері

 

Майды ас қорыту жүйелерінің аурулары кезінде қолдану асқазан және ішектің жұмысын жақсартуға, іш кебуінен, жүрек айнудан және ауыздан жағымсыз иістің шығуынан құтылуға көмектеседі. Қара зере майы әсіресе, колит, дисбактериоз, өттің іркілуі, созылмалы гастрит және ремиссия сатысындағы асқазан жарасы кезінде өте пайдалы. Бұл дәрімен емделу курсы циррозбен және сары аурумен ауыратын науқастардың жағдайын жақсартады.

Майды таза күйінде немесе ботқаларға, салаттарға, ашытқан сүт өнімдеріне қосып қабылдауға болады. Асқазан ауырған кезде бір қасық майды жалбыз қосылған шайға қосып ішу арқылы ауырсынуды және түйілуді жеңілдетуге болады.

Тыныс алу жүйесі

Қақырық түсіргіш, бактерицидті, иммунокүшейтуші қасиеттерінің арқасында қара зере майы жіті және созылмалы бронх қабынуын, гайморитті, трахеоларингитті емдеуде жақсы көмектеседі. Көкірек қуысын қара зере және зәйтүн майымен ысқылау ықпал етілген аймақта қан айналымын жақсартады, ысытады, қақырықтың шығуын жеңілдетеді. Емделуді ішке қабылдаумен, маймен тамақты булаумен, тыныс алуды жақсарту үшін мұрынның астына май жағумен толықтыруға болады.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі

Қара зере майы тамырлы қабырғадағы атеросклеротикалық түйіндерді жайлап алып тастайды, қан тамырларының иілгіштігін қалпына келтіреді және олардың тонусын жақсартады, қанның ұюына бөгет болады, қысымды қалпына келтіреді. Яғни оны атеросклероз және ишемиялық ауру, тамырлардың түйнеліп кеңеюі кезінде қолдануға да болады. Инсульт, инфаркт және қант диабеті дамуы бойынша қауіп-қатер тобына кіретіндер қабылдағандары дұрыс.

Жүрек бұлшықетінің және қан тамырларының жұмысын жақсарту үшін фитотерапевттер кем дегенде 2 ай бойы күніне ек рет бір шай қасықтан қабылдау керек деп кеңес береді.

Жыныстық жүйе

Қара зере майы әйелдерге етеккір циклін қалпына келтіруге көмектеседі, репродуктивті мүшелердің ауруларын емдеуді жылдамдатады, бала көтеруге жақсы әсер етеді. Қара зере құйылудан арылта отырып, көңіл-күйді және күре тамырлық қысымды тұрақтандырады.

Бедеулік, қуық асты безінің аденомасы, қуық асты безінің қабынуы секілді аурулардан зардап шегіп жүрген ер адамдар қара зере майына ерекше назар аударулары керек. Гормондарды өндіруге өсімдіктің құрамындағы фитогормондар жақсы әсер етеді, кіші жамбастағы қан айналымын жақсартады.

Жыныстық аймақта мәселелер туындағанда майды қарапайым тәсілмен немесе балмен бірге қабылдайды.

Терінің үстіңгі қабаты және шаш

Майды ішу арқылы шлактардың шығаралуы және биохимиялық реакцияның күшеюінің арқасында теріге де пайдалы. Алайда қара зере майын сыртқа да, яғни безеуге, псориатикалық ошақтарға, қабынған және тітіркенген жерлерге, ұшыққа жағу үшін қолданылады.

Қара зере майының көмегімен шашты едәуір жақсартуға болады. Содана құрғақтық пен қайызғақтан құтылуға көмектеседі, шаш түйіншелерінің беріктігін арттырады, шаштың жылтырауын жақсартады. Майды пайдаланудың ең қарапайым тәсілі – оны басты жуған кезде сусабынға немесе бальзамға азғантай мөлшерде қосу.

Қара зере майын қалай қабылдау керек? Жалпы кеңестер

Профилактикалық дәрі-дәрмек ретінде және емделу үшін қара зере майын күніне екі рет тамақ ішерден шамамен жарты сағат бұрын бір шай қасықтан ішу керек. Суға бал қосып майлы сұйықтықты артынан ішу керек, өйткені бал өсімдіктің емдік қасиетін күшейтеді деп есептеледі. Майды қабылдаудың орташа ұзақтығы – 3 аптадан 5 аптаға дейін.

Маймен емделу кезінде келесі ережелерді де сақтау керек:

  • Қолданудың алдында аллергияға тест жасау керек. Егер денеге жағу арқылы емделуді жоспарласаңыз, онда қара зере майының 1-2 тамшысын білекке жағып, әсерін 4-5 сағаттан кейін бағалауға болады. Бөрту, қызару, қышу майды көтере алмайтынын көрсетеді. Ішке қабылдаған кезде майды ең аз мөлшерден бастап қабылдайды, содан соң көңіл-күйін бағалай отырып қажет мөлшерге дейін жеткізеді:
  • Майды қабылдап емделу курстарының арасында 2-3 ай үзіліс жасау керек;
  • Қара зере майын кешкі сағат алтыдан кейін ішуге болмайды, өйткені дәріні кешкі уақытта ішу ұйқысыздықтың бірден-бір себебі болуы мүмкін.

Қара зере майын пайдалану туралы пікірлер негізінен жағымды. Алайда, терапияның тиімділігі дәрінің құрамы мен дайындалу технологиясымен де анықталатынын ұмытпаған жөн. Біздің сайтымызда сапасы бойынша ең жақсыларының бірі Alhadaya қара зере майын сатып ала аласыз. Аталмыш өнімді сұрыпталған қара зере дәндерін өсімдіктің барлық емдік құрамын толық сақтап қалуға көмектесетін суық сығымдау әдісі арқылы алады.

Alhadaya капсула түрінде шығарылады. Желатинді қабықшасының арқасында өнім ұзақ мерзім бойы өзінің емдік қасиетін сақтайды, өйткені май оттектің әсер етуіне душар болмайды, яғни қышқылданбайды. Құйып сатылатын маймен салыстырғанда капсулалардың тағы бір ерекшелігі – мөлшерлеуінің дәлдігі, өйткені капсуланың ішінде өнімнің белгілі бір мөлшері ғана болады.

Alhadaya – тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденген, өзінің қасиеті бойынша бірегей өнім. Мұндай қалыпта май толығымен сіңеді, жанама әсерлер тудырмайды және көптеген ауруларды алдын алуға көмектеседі.

Қара зере – пайдалы қасиеттерін адам өзінің пайдасы үшін пайдалануды үйренген өсімдік. Табиғаттың берген осындай сыйынан бас тартуға болмайды, оған қоса, емдік дәрі-дәрмектермен салыстырғанда аталмыш табиғи өнімді дұрыс таңдап, дұрыс пайдаланса уландырмайды.

You may also like...